42 500 теңге алғаны үшін ешкім жауапқа тартылмайды

3068
Adyrna.kz Telegram

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов 42 500 теңге алған қазақстандықтың бірде біреуі жауапкершілікке тартылмайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды "Адырна"

"42 500 теңге алған бірде-бір адам, тіпті ол қателескен болсын қылмыстық жауапқа тартылмайды. Осымен осы мәселеге нүкте қояйық. Біз ешкімді тексермейміз, бұл әлеуметтік төлем. Үй-үйді аралап, тексеріс жасамаймыз. Уайымдамаңыздар, сізге берілсе, алыңыз, жұмсаңыз. Тексерсе, бізді тексереді", - деді министр Нұр-Сұлтанда өткен онлайн брифингте.

 

42 500 теңгені алу мәселесі қоғамда үлкен шу туғызған болатын.  Осының алдында тапсырылған өтініштердің заңдық тұрғыдан дұрыс, бұрыстығы тексерілетіні де айтылған болатын. Бүгін министр барлығына нүкте қойды.

Пікірлер