Шымкент қаласында 19 сәуірде тағы бір адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Дертінен сауыққан азаматша - 1996 жылғы Шымкент қаласының тұрғыны. Науқас үшінші сәуір күні жұқпалы аурулар ауруханасына коронавирус инфекциясы диагнозымен жатқызылған. Екі аптадан аса дәрігерлер инфекция анықталған пациентке емдеу шараларын үздіксіз жүргізген. Медицина мамандары жүргізген емнің нәтижесінде 24 жастағы бойжеткен қауіпті індетті жеңіп шықты. Осыған орай, 8 шағын ауданында карантин алынды.
Шымкент