Электрондық пошта жайлы бес ғажайып факты

4718
Adyrna.kz Telegram

Электрондық пошта жайлы бес ғажайып факты

1) @ Таңбасы

Кез келген Электрондық поштаның ажырамас бөлігі – белгілі символ @ (собачка "ит"). Алайда, мұндай түсіндіру негізінен Ресейде және орыс ұлтына жақын мемлекетте ғана қалыптасқан. Мысалы үшін Италияда бұл символ кішкентай ұлулар, ал Швецияда – тұмсықты ит деп аталады.

2) Хаттардың жету жылдамдығы

Мамандардың бағалауы бойынша, Дүниежүзілік желіде электрондық ресурстардың жылдамдығы шектеулерге ие емес. Электрондық пошта ресурстары арқылы жыл сайын 247 млрд хабарлама өтеді, деп саралайды сарапшылар.

3) SPAM сөзінің шығу төркіні

SPAM ұғымы әрбір электрондық пошта пайдаланушыға таныс. Қазір бұл термин виртуалды кеңістікті ластайтын қажетсіз ақпаратты тасымалдап таратуды білдіреді.
Әйткенмен, бастапқыда SPAM сөзі АҚШ-та ет консервілерін жарнамалауға қатысты мақсатта қолданылған. Бұндай хабарламалар бірнеше Штаттардың тұрғындарына күн сайын үлкен мөлшерде келіп, ет саудасын қыздырып, артынан бұл жарнама тәсілін SPAM деп атап кеткен.

4) Алғашқы жоғары лауазымды пайдаланушы

Статистикалық мәліметтерге сәйкес, Электрондық поштаның бірінші пайдаланушысы Ұлыбритания патшайымы Елизавета II болды. Жоғары лауазымды адам 1976 жылы e-mail бойынша хат жібере бастады. Виртуалды кеңістіктегі ең бірінші мәтіндік хабарламаны программист Рэем Томлинсон 1972 жылы жіберген болатын.

5) Ғарыштағы электрондық хабарламалар

Қазіргі уақытта электрондық ресурстар жаһандық құбылысқа айналды және тіпті біздің ғаламшарымыздан тыс жерге шықты. Электрондық пошта арқылы хабарламаны дүние жүзіне ғана емес, ғарыш кеңістігіне де жіберуге болады.
Халықаралық ғарыш станциясында (ХҒС).
Жерден ғарышқа ең алғашқы e-mail хатты 1991 жылы сәтті жөнелткен.

Ақпарат https://mobile.mt5.com/ru/photonews/12101 сайтынан алынды.

Аударған: Бекзат Болатұлы

 

Пікірлер