Фермерлерге блокбекеттер арқылы еркін өтуге рұқсат берілді

2669
Adyrna.kz Telegram

Сурет: elements.envato.com

Қазақстандық фермерлер енді барлық құжаты болған жағдайда блокбекеттер арқылы еркін өте алады. Тиісті өзгертулер "Карантиндік шараларды күшейту туралы" Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитария дәрігерінің 2020 жылғы 14 сәуірдегі №33-ПГВр қаулысында көрсетілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

Өңірлерде коронавирус инфекциясы (бұдан әрі – COVID-19) бойынша эпидемиологиялық жағдайдың асқынуына байланысты Айжан Есмағамбетова мынадай қаулы шығарды:

№33-ПГВр қаулысының 1-тармағы 14-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

"Облыстың, қалалардың, аудандардың, ауылдық аймақтардың ішінде көктемгі дала жұмыстарын, табиғатты қорғау, ветеринариялық, ауыл шаруашылығы іс-шараларын жүргізуге, сондай-ақ растайтын мемлекеттік тіркеу куәлігін (шаруа қожалығы, фермерлік шаруашылық, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші, кредиттік серіктестік және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын), жеке куәлікті, сондай-ақ жұмыскерлер үшін жұмыс орнына анықтаманы (мөрмен куәландырылған еркін үлгідегі анықтама) ұсынған кезде ара шаруашылығында тартылған адамдардың көліктерін қоспағанда, жеке көліктің қозғалысын шектеуді", - делінген құжатта.

Осы қаулының орындалуын бақылауды Айжан Есмағамбетова өзіне қалдырды.

Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Пікірлер