Ермек Мыржықпааев пен Юрий Ильин әуеден су тасқынының ахуалын бағалады

2909
Adyrna.kz Telegram

Ақмола облысының әкiмi Ермек Маржықпаев және ҚР Iшкi iстер министрiнiң орынбасары Юрий Ильин Зерендi, Сандықтау және Атбасар аудандарындағы су тасқынының ахуалын әуеден бағалады. Ұшып өту барысында олар су тасқыны қауiптi учаскелердi Атбасар қаласын, Жабай өзенiнiң арнасын және қаланы судан қорғайтын жер үйiндiсiн қарап шықты. 

Жабай өзенi арнасының жағалауын өсiмдiктен тазалау жұмыстары Атбасар қ. және темiр жол көпiрiнiң аумағында жүргiзiлдi, сондай-ақ өзен арнасын кеңейту мен тереңдету жүргiзiлдi.

Юрий Ильиннiң айтуы бойынша, Атбасар ауданындағы су тасқынының ахуалы тұрақты/күрделi. Жабай өзенiне қатысты, судың қауырт деңгейiне дейiн 1,6 метр бар, Судың тез көтерiлуi 7-10 күн iшiнде мүмкiн.

«Биылғы жылы қыс қарлы болды, қар қоры орташа көп жылдық мәнiнен 2,5-3 есее артық. Бiз су тасқынына мұқият дайындалдық, көп жұмыс атқарылды, қала үйiндi дуалмен қорғалды, оны нығайттық», — деп атап өттi Ермек Маржықпаев.

Облыс әкiмi өткен жылдары су тасқынынан зардап шеккен атбасарлықтардың жаңа пәтерлерге көшiрiлгенiн атап өттi. Мүмкiн болатын су басу аймағында шамамен 450 отбасы тұрып жатыр. Олар үшiн 100 пәтерлi бес тұрғын үй салынатын болады.

Жыл сайын су тасқыны кезеңiнде тәуекелдiлiк аймағында Атбасар қаласының № 1 ОМ қалуда. Ағымдағы жылы ғимаратты қорғау үшiн шаралар қолданылды, құм салынған қаптар алдын ала периметрi бойынша төселдi. Алайда, бұл мәселенi мектептi бетонды қоршау арқылы шешуге болады. Оның биiктiгi Жабай өзенi суының мүмкiн болатын деңгейiнен жоғары болуы қажет. Аудан әкiмi Аманбек Қалжанов ЖСҚ бойынша имарат құнын айтты — 12 млн.теңге.

«Егер де бұл шын мәнiсiнде мектептi қорғайтын болса, сома бюджет үшiн көп емес, онда неге монолиттi қоршау тұрғызбаймыз», — дедi өңiр басшысы.

Бiрiншi мектептен басқа, су басу аймағында №4 мектеп және түзету мектебi тұр. Мектептердiң айналасында қаптар төселуде, бүгiнгi таңда инерттi материалдарымен шамамен 23,7 мың қап төселдi.

Ермек Маржықпаев коронавирус инфекциясының алдын алу және таралуының жолын кесу мақсатында Атбасар — Шуйское трассасында құрылған блок-постыны тексердi. Атбасар қаласы бойынша 6 блок-пост орнатылды, полиция бөлiмiнiң және санитарлық қызметтiң шамамен 50 қызметкерi тартылды.

Облыс әкiмi I. Есенберлин атындағы орталық аудандық кiтапханада болды, онда «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасының шеңберiнде ағымдағы жөндеу жүргiзу жоспарлануда.

Сол күнi, Ермек Маржықпаев Зерендi ауданында Айдабол су қоймасын қарап, ахуалына баға бердi.

Ақмола облысы әкiмiнiң баспасөз қызметi
Фото: Айбек Данияров

Пікірлер