Тоқаевтың халықтың қолдауымен жемқорлықпен күресті бастауына мүмкіндігі бар ⠀

3610
Adyrna.kz Telegram

Достар, «Марғұлан не дейді?» бағдарламасының кезекті шығарылымында мен еліміз үшін ең маңызды деген бірнеше жаңалыққа ерекше тоқталып өтемін. Осы жолы мен COVID-2019 вирусын медицина қызметкерлері жұқтыруының осындай жоғары көрсеткіштерінің себептерін толығырақ талдағым келеді. Менің ойымша, осы карантин денсаулық сақтау жүйесіндегі жаппай жемқорлық мәселесін әшкере етті – осыдан келіп көңіл көншітпес көрсеткіштер туындап отыр.

Сонымен қатар, Қасым-Жомарт Тоқаев сөзін жеке талдағым келеді. Оның тезистерімен мен толық келісемін. Дегенмен, оның қазір ТЖ тәртібін пайдаланып, екі емес, жалғыз басшыны қажет ететін мемлекеттік органдарды өз бақылауына алуға тамаша мүмкіндігі бар деп ойлаймын. Және де, Тоқаевтың халықтың қолдауымен жемқорлықпен күресті бастауына мүмкіндігі бар.

Ал қорытындыда мен мұнай нарығындағы соңғы жаңалықтарды сараптайтын боламын. ОПЕК+ елдері мұнай өндірісін қысқарту бойынша келісімге келуге тырысуда. Мұнайдың өзекті бағасын дүйсенбі күні көретін боламыз, алайда, мен сол бұрынғыша Қазақстан осыған қатысты қиял-үміттерінен арылуы тиіс деген ойымнан қайтпаймын. Көмірсутекті нысана етуді доғарып, экономикамыздың ауқымды реформасын жүргізетін кез келді.

Пікірлер