Дәл қазіргі жағдайда карантин деп 3 мегаполиста үш емхана салу ең үлкен ақымақтық. Неге?
1. Дәл біз сол COVID-19 үшін арнаулы емхана салатындай жан санымыз үлкен ел емеспіз. Бір қаласы бес миллион болатын ел болсақ бір сәрі.
2. Ілезде бітіре қоятындай еңбек күш те, техникалық әлеует те жоқ.
3. Құдай сақтасын, ауру мүлде сыймай жатса, дәл қазір үш мегаполистағы бүкіл 5, 4, 3 жұлдызды қонақ үйлер бос тұр. Соларды уақытша карантиндік емханаға айналдыра салуға болады!
4. Оны салған экономикаға қазіргі бар ауруханаға техникалық аппараттар сатып алу 100 есе өнімді болар еді.
Өз ойым. Экономист та, саясаткер де емеспін, бірақ, азаматтық пікірім.
Аятжан Ахметжанұлының желідегі жазбасынан