Алматыдағы блокпостты соққан жүргізушіге үкім шықты

3014
Adyrna.kz Telegram

Алматыда блокбекетті соғып өткен мас жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, - деп хабарлайды "Адырна"  облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қарасай аудандық сотының үкімімен ер адам айыпты деп танылды. Ол 20 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Сондай-ақ, ер адамның сотта кінәсін толықтай мойындағаны айтылады. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Естеріңізде болса 2 сәуірде ер адам мас күйде Toyota Ipsum көлігімен, Көксай ауылындағы блокпостты соғып, артынан екі көлікпен соқтығысқан.

Пікірлер