Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан лицензиялық турнирдің ширек финалында аса ауыр салмақтағы Қамшыбек Қоңқабаев Қытай бокшысы Мәмет Ахметпен кездесті, деп хабарлайды adyrna.kz.
Шаршы қарсыласын алаңда 3 раунд бойы сабаған Қамшыбек 5:0 есебімен жартылай финалға өтті. Сонымен қатар Токир Олимпиадасының жолдамасын ұтып алды.
Ал қыздар бәсекесінде 75 келіде өнер көрсеткен 19 жастағы Надежда Рябец Токио Олимпиадасының жолдамасын иеледі.
Ұларбек Дәлейұлы