Сегіз қазақстандық Уханнан Ресей мен Өзбекстанға эвакуацияланған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Сондай-ақ, эвакуацияланғандар арасында осыған дейін ҚХР-ның эпидемиологиялық қызметтерімен дене қызуы салдарынан шығарылмаған Яньцзы Университетінің 1 курс студенті бар.
Отырғызу алдында ҚР азаматтары қосымша медициналық тексеруден өтіп, олардың арасында дене қызуы немесе коронавирус симптомдары бар адамдар анықталған жоқ.
3 ақпанда Қазақстан Ухан қаласынан өзінің 83 азаматын, соның ішінде 80 студентін эвауациялағанын еске саламыз.
Ұқсас жаңалықтар
"Қазақстан Қытай туристері үшін тартымды бағыттың бірі бола алады". Қытаймен визасыз режим туралы Президент пікірі
