Қытайда болған адамдарға АҚШ-қа кіруге тыйым салынды

3066
Adyrna.kz Telegram

Короновирус эпидемиясына байланысты АҚШ соңғы 14 күнде Қытайда болған америкалықтар мен шетелдіктерге елге кіруге шектеулер мен тыйым салды. Бұл туралы елдің ішкі істер министрі мәлімдеді, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Жалпы, шетел азаматтарына... Соңғы 14 күнде Қытайда болғаны анықталған жағдайда құрама штаттарына кіруіне рұқсат берілмейді", - делінген ведомство хабарламасында.

АҚШ-та жақын туыстары бар адамдарға бұл шектеу шаралары жүрмейтіні айтылады.

Өз кезегінде Хубей провинциясында болған америкалықтар 14 күнге оқшауланады. Министрлік өкілдері АҚШ-та тағы да коронавирус жұқтыру деректері шығуы мүмкін екенін айтып отыр, алайда америкалықтар үшін "қауіп төмен" екен.

Соңғы 14 күнде Қытайға саяхаттаған америкалықтар үшін елге кіру тек мына жеті әуежай арқылы ғана ұйымдастырылады: John F.Kennedy International Airport (JFK, Нью-Йорк), Chicago O ' Hare International Airport (ORD, Чикаго), San Francisco International Airport (SFO, Сан-Франциско), Seattle-Tacoma International Airport (SEA, Сиэтл), Daniel K. Inouye International Airport (HNL, Гавай), Los Angeles International Airport, (LAX, Сан-Франциско) және Hartsfield-Jackson Atlanta International Airport (ATL, Атланта) бар.

 

tengrinews.kz

Пікірлер