Алдын ала мәлімет бойынша, Түркиядағы жер сілкінісі кезінде зардап шеккендер мен қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. "Түркия тарапы берген алдын ала ақпарат бойынша, зардап шеккендер арасында ҚР азаматтары тіркелген жоқ", - делінген СІМ хабарламасында. Айта кетейік, 2019 жылы 24 қаңтарда Түркияның шығысында магнитудасы 6,8 балдық жер жілкінісі болған. Оның эпицентрі Элязыг провинциясында. Жер сілкінісінің ошағы 7 шақырым тереңдікте жатыр. Соңғы мәліметтер бойынша, жер сілкінісі салдарынан қаза болғандардың саны 20 адамға дейін өскен және 1015 адам жарақат алған.
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз