Елордада өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына бөлінген 20 млрд теңгені қысқартуды тапсырды. Ахметов аталған соманы мерейтой алдындағы абаттандыру жұмыстарына жұмсамақ болған.
«Той деген тойлау үшін емес, толғау үшін керек. Сондықтан, ақшаны қысқарту қажет. Ысырапшылдыққа жол беруге болмайды. Тіпті, кәсіпкерлердің демеушілігімен де шетелден жұлдыз шақырып, концерт өткізуді доғарған дұрыс»,-деді Қасым-Жомарт Тоқаев.