Адамды алдыға жетелейтін үміт деген дүние жақсы ғой. Үміттеніп ертеңіне сенеді. Үміттеніп болшағын болжайды. Үміттеніп ұрпағының қызығын көрсем деп ойлайды. Бүгін біз сөз еткелі отырған Арыстанның ата-анасы да ертеңіне сенеді. Асқаров Арыстанның ата анасы өз күштерімен қаратқалы 10 жыл болыпты. Осы аралықта ол кісілер қолдағы бардың барлығын сатқан. Үйін де, көлігін де сатып, ағайын-туғаны да көмек қолын созып сонша емдеткенмен ем нәтижелі болмапты. Ендігі үміт Қытай елінде. Жуырда Арыстанның диагнозын естіп Қытай тарапы'емдейміз" деп үміт сыйлапты. Ал бұл арада әрине қомақты қаражат керек. Сол үшін ағайын енді осы баланың ертеңіне үміт жалғасақ дейміз..
Жалпы, Арыстан туғанда дені сау болып туған. Біздің ақ халаттылар балаға емдік массаж алу керектігін айтқан соң ата анасы массажға апара бастайды. Міне сол сәттен бастап Арыстанның денсаулығына ем болуы тиіс массаж керісінше, зиянын тигізеді. Ата анасы ұлдарының сал боп қалуын "сауатсыз жасалған массаждың салдары' деп отыр. Мұны шетел медицинасы да жоққа шығармайды. Жоғарыда айтқанымыздай ұлына ем іздеп Арыстанның ата анасы шетелді де шарлады. Енді біздің елімізден озық Қытай елі баланың ертеңіне үміт сыйлағысы келеді.. Олай болса ағайын осы балапанды көп болып қолдауды сұраймыз.
Арнайы Арыстан үшін 7 ақпан күні" Ертеңіме сенемін" атты қайырымдылық кеш өтеді. Билет құны 1000 теңге.
Жалпы біз қазақ тумысынан қайырымды халықпыз ғой.. Ендеше көп болып қолдап Арыстанның арманына жетуіне ықпал етейікші.. Ол үшін қайырымдылық кешке бармасаңыз да қаржыңызды мына реквизиттерге аудара аласыз:
Каспий голд: 5169493175068702
ИИН: 640208402195
Халық банк: 4402573584792735
Киви: 87714894018
Жанна Асқарова
Асқаров Арыстан көмек сұрайды
23.01.2020
2785
Пікірлер
Басқа материалдар
Adyrna.kz ұлттық порталының маңызды ақпараттарына жазылу
Соңғы жаңалықтар туралы хабардар болыңыз