Бүгінгі күн қаралы хабармен басталды. Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды.
Өмірзақ Айтбайұлының өмірбаяны
Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылында дүниеге келген.
1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы ҚМИ) филология факультетін бітірді.
Ал 1971 жылы "М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
- 1959 – 1962 жылдары Республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің əдеби қызметкері;
- 1962 -1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері;
- 1974 – 1981 жылдары аға ғылыми қызметкер;
- 1981 – 1989 жылдары "Терминология мен аударма теориясы" бөлімінің меңгерушісі;
- 1973 жылдан "Ғылыми терминологиялық орталықтың" директоры;
- 1989 жылдан Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті;
- 2004 жылдан Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті.
Академик Өмірзақ Айтбайұлы "Құрмет" пен "Парасат" ордендерімен марапатталған.
2013 жылы Еуропа ғылыми-өнеркəсіптік палатасының шешімімен лингвистикаға қосқан үлесі үшін оған арнайы диплом мен алтын медаль табысталған.