III-Бішкек халықаралық кинофестивалінде қазақстандық актер үздік атанды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Режиссер Елзат Ескендірдің «Әбіл» фильмінде басты рөлді сомдаған актер Ерлан Төлеутай «Ең үздік актер» аталымын жеңіп алды. Байқауда қазылар алқасының төрағасы — франциялық ARTE France Cinema компаниясының директоры Оливье Пере. Қазылар қатарында сондай-ақ италиялық атақты кинопродюсер Паола Марина Спина, бангладештік Дака халықаралық кинофестивалінің директоры Ахмед Мұстаба Замал, германиялық Cottbus кинофестивалінің директоры Бернд Будер, және Роттердам кинофестивалінің кураторы, нидерландиялық киносыншы Евгений Гусятинский бар. Айта кетерлігі, марапатты италиялық продюсер Паола Марина Спинаның өзі сахнаға шығып табыстады.
Ұқсас жаңалықтар