Алтыншы рет ұшырылған зымыран жарылып кетті

1945
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2025/05/img_0636-960x500.jpeg?token=2453bc8cbf80fe2ed83aea4e36159a01
29 сәуірде америкалық Firefly Aerospace компаниясының Alpha атты зымыран-тасығышы Калифорниядағы Ванденберг ғарыш айлағынан ұшырылған кезде сәтсіздікке ұрынды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. Шетелдік БАҚ-та зымыранның ұшқаннан соң екі жарым минут өткенде бірінші сатысы жарылып кеткені хабарланды. Жарылыс салдарынан оның бөлшектері екінші сатының қозғалтқышының саптамасын зақымдап, пайдалы жүктеме — Lockheed Martin корпорациясының тәжірибелік LM400 спутниктік платформасын орбитаға шығару мүмкін болмады. Оқиға орын алғаннан кейін көп ұзамай зымыранның екінші сатысы мен пайдалы жүктеме Тынық мұхитына, Антарктидаға жақын маңға құлады. Бұл Firefly Aerospace компаниясы үшін Alpha зымыранының алтыншы ұшырылымы болған.
Пікірлер