“Алматы, Өскемен, Балқаш”. Қазгидромет бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады

1263
Adyrna.kz Telegram
Фото: Baq.kz
Фото: Baq.kz

“Қазгидромет” Алматы мен еліміздің бірнеше қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдайларға байланысты ауа сапасының нашарлайтынын ескертті, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ресми мәліметке сәйкес, 10 сәуір күні Павлодар, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Өскемен және Алматы қалаларында ауа құрамының ластануына ықпал ететін метеожағдай қалыптасуы мүмкін.

“Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – бұл атмосферада желдің бәсеңдеуі, тұман, инверсия сынды табиғи құбылыстардың жиынтығы. Олар зиянды заттардың жер бетіне жақын қабатта шоғырлануына ықпал етеді”, – делінген хабарламада.

Алматы қаласында 10 сәуір күні ауыспалы бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел – оңтүстік-батыстан, жылдамдығы 4–9 м/с.

Түнгі температура +10…+12°C болса,  күндіз +20…+22°C көрсетеді.

Мамандар тұрғындарға мүмкіндігінше ашық ауада ұзақ болмауға, қорғаныш құралдарын қолдануға және денсаулыққа мұқият болуға кеңес береді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер