Ыстамбұл халқы президентке талап қойды

893
Adyrna.kz Telegram

29 наурыз күні Ыстамбұлда қала әкімі Экрем Имамоғлуға бостандық талап еткен ауқымды митинг өтті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Наразылық акциясын Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанға қарсы оппозициялық Республикалық халық партиясы ұйымдастырған.

“Имамоғлуға бостандық” ұранымен өткен демонстрация жергілікті уақытпен 13:00-де басталды. БАҚ өкілдерінің есептеуінше, митингіге жүздеген мың адам қатысқан, алайда Республикалық халық партиясының жетекшісі Өзгүр Өзел ресми түрде алаңға 2,2 миллион адам жиналғанын мәлімдеді.

Наразылық кезінде жасанды интеллект көмегімен Экрем Имамоғлудың дауысы арқылы үндеу жасалды, бұл шараға қатысушылардың ерекше назарын аударды.

Өзгүр Өзел Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғаннан Имамоғлуға қатысты сот процесін мемлекеттік TRT телеарнасында тікелей эфирде көрсетуін талап етті, бұл — қоғамның ашық ақпарат алуына бағытталған қадам.

Еске сала кетсек, Ыстамбұл әкімі, оппозициялық Республикалық халық партиясының өкілі Экрем Имамоғлу бұған дейін қылмыстық іс бойынша қамауға алынған болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер