Алматы қалалық полициясы кәсіпкер және меценат, A class Medical компаниясының директоры Азамат Доланбаевқа іздеу жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Медеу аудандық полиция басқармасының мәліметінше, ер адам «ауыр қылмыс жасады» деген күдікке ілінген.
«Медеу аудандық полиция басқармасы азамат Д.-ны адам денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісі бойынша іздестіріп жатыр. Оған іздеу жарияланды. Сот 2 ай қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын сырттай санкциялады. Күдіктінің орналасқан жерін анықтау және оны ұстау бойынша кешенді жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр»,- делінген полиция хабарламасында.