АҚШ президенті Дональд Трамптың әкімшілігі Украина президенті Владимир Зеленскийден көпшілік алдында кешірім сұрауды талап етуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы DW басылымы сілтеме жасап.
Басылымның мәліметінше, Ақ үй жеке түрде Зеленскиймен қарым-қатынасты қалпына келтіру үшін оның көпшілік алдында кешірім сұрауы қажет екенін түсіндірген. Еуропалық елдер Зеленскийге қолдау білдіргенімен, кейбірі АҚШ-пен қарым-қатынасты реттеуге шақырды.
НАТО Бас хатшысы Марк Рютте Зеленскийге Дональд Трамппен және АҚШ әкімшілігімен байланысты қалпына келтірудің жолын табуды ұсынды.
Еске сала кетейік, 28 ақпанда Владимир Зеленский Дональд Трамп және АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнспен кездесу болған еді. Келіссөз жүргізу барысында Зеленский сөз таластырып, мерзімінен бұрцн Ақ үйден кетіп қалды.
Трамп Зеленскийді АҚШ-ты құрметтемейді және “бейбітшілікке дайын емес” деп айыптады.