АҚШ пен Мексика арасындағы шиеленіс. Пентагон басшысы соғысқа дайын екенін мәлімдеді

1616
Adyrna.kz Telegram
Фото: stock.adobe.com
Фото: stock.adobe.com

АҚШ Қорғаныс министрі Пит Хегсет Мексиканың әскери басшыларымен телефон арқылы сөйлесіп, елдегі наркокартельдер мәселесін шешпесе, Вашингтон біржақты әскери әрекеттерге баратынын ескертті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

The Wall Street Journal хабарлауынша, 31 қаңтарда өткен бұл келіссөз – Пентагонның жаңа басшысының Мексика әскери басшылығымен алғашқы ресми диалогы болды. Хегсеттің мәлімдемесі Мексика билігін дүр сілкіндірді, олар АҚШ ел аумағына басып кіруі мүмкін деп қауіптеніп отыр.

"Егер Мексика үкіметі картельдермен жасырын байланысын тоқтатпаса және бұл мәселені өз бетінше шешпесе, АҚШ әскері біржақты қадамдарға барады," – деген Хегсеттің сөзі Мексика басшылығын ашуландырғанын жазды The Wall Street Journal.

Мексика тарапы бұл мәлімдемені соғыс жариялау туралы ескерту ретінде қабылдап, оны егемендікке төнген қауіп деп атады. Ел үкіметі АҚШ-тан нақты түсініктеме талап етпек.

Бұл жағдай АҚШ пен Мексика арасындағы дипломатиялық шиеленісті күшейтуі мүмкін, ал Вашингтонның нақты қандай әрекетке баратыны әзірге белгісіз.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер