Павлодар қаласында мектеп күзетшісі мас күйінде 6-сынып оқушысын ұрып жіберген, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Куәгерлердің айтуынша, мас болған күзетші оқушыны кеудесінен ұрып жіберген. Жедел түрде полиция шақырылып, құқық бұзушы медициналық айықтырғышқа жіберілді.
Павлодар облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қоғамдық орында мас болғаны үшін күзетші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, айыппұл салынды.
Полиция қызметкерлері Білім басқармасынан мас күзетшіні жұмысқа қабылдағаны үшін мектеп басшылығын жауапқа тартуды талап етті.