Президент Нұрлан Ұранхаевты қызметінен босатты

1220
Adyrna.kz Telegram

Нұрлан Ұранхаев Абай облысы әкімі қызметінен кетті. Бұл туралы Ақорда жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Телманұлы Ұранхаев Абай облысының әкімі лауазымынан босатылды”, делінген хабарламада.

Нұрлан Ұранхаевтың атқарған қызметтері:

2010-2013 жылдары — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.

2013-2014 жылдары — Семей қаласы гуманитарлық инновациялық заң университеті президентінің кеңесшісі.

2014 ж. — ҚР тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі төрағасының орынбасары, Астана қаласы.

2015-2017 жылдары — Ұлттық экономика министрлігінің «ҚазҚСҒЗИ» АҚ Бас директоры, Астана қаласы.

2017-2018 жылдары — Алматы қаласы Сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

2019 – 2022 жылдары — Астана қаласының сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

Ұранхаев Абай облысының әкімі болып 2022 жылдың маусымында тағайындалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер