Қаңтар оқиғасының күдікті кейіпкерлері. «Дикий Арман» мен Қайрат Құдайбергенге сот үкімі шықты

2558
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 27 қаңтарда Қаңтар оқиғасынан кейін қамауға алынған Арман Жұмагелдиев пен Қайрат Құдайбергенге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Толықтай алғанда Алматыда 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде "адам ұрлау", "билігін асыра пайдалану", "жаппай тәртіпсіздікке қатысу" қылмысты әрекеттерге қатысы бар деген айып тағылған 44 адамға сот үкімі шығып отыр.

Қылмыс әлеміне «Дикий Арман» деген лақап атымен тағылған Арман Жұмагелдиев 20 жылға бос бостандығынан айырылды. Ал бұрынғы мәслихат депутаты Қайрат Құдайберген 8 жылға сотталып, «Құрмет» орденінен айырылды. Сондай-ақ оларға қоғамдық қызметпен айналысуға тыйым салынды.

Күдіктілерге «билігін асыра пайдалану», ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оған басшылық жасау, қарақшылық шабуыл, заңсыз адамдарды бостандығынан айыру, жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру, сондай-ақ бандитизм бойынша айып тағылды.

Одан бөлек, іс бойынша айыпталушылар қатарындағы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Руслан Ысқақов 15 жыл 6 айға сотталды.

Еске салайық, Қайрат Құдайберген мен Арман Жұмагелдиевке қатысты іс Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына 2023 жылдың қыркүйегінде жіберілген еді. Алғашқы сот отырысы 2023 жылдың 14 қыркүйегінде ашық режимде болды. Кейін айыпталушылардың ісі сотқа қатысушылардың қауіпсіздігі мақсатында жабық түрде қарауға ауыстырылды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Каждый диабетик в г.Колумбус с 26 февраля имеет право получить...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер