2024 жыл адамзат тарихындағы ең ыстық жыл ретінде тіркелді. Бұл туралы Дүниежүзілік метеорология ұйымы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Былтыр жаһандық орташа температура алғаш рет өнеркәсіпке дейінгі деңгейден 1,5 градус жоғары болған. Ұйым қорытынды шығаруда жер серіктері, кемелер, ұшақтар мен метеостансалардан алынған миллиардтаған метерологиялық өлшемдерге сүйенген.
2024 жылдың 22 шілдесінде жаһандық орташа тәуліктік температура 17,16 градусқа жетіп, жаңа рекорд орнатты.
Ғаламдық жылынудың негізгі себептері ретінде мұнай, көмір және табиғи газды үздіксіз жағу әрекеттері аталып отыр.