Тоқаев Назарбаевтың жеке өмірі туралы ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын түзетулерге қол қойды

188
Adyrna.kz Telegram
Фото: elbasy.kz
Фото: elbasy.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев экс-президенттердің жеке өмірі туралы ақпаратты мемлекеттік құпияға жатқызатын түзетулерге қол қойды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды», - делінген Акорда хабарламасында.

Мәліметке сәйкес, бірінші топтағы өзгерістер «Келешек» біртұтас ерікті жинақтаушы жүйесін енгізу мақсатында әзірленген, бұл жүйе мемлекеттік білім капиталының бастапқы мөлшерін, жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы мен инвестициялық табысты, бес жастан бастап балаларды қамтуды қарастырады.

«Біржолғы бастапқы білім беру капиталы 2025 жылы және одан кейінгі жылдары 5 жасқа толатын балаларға төленеді. Оның мөлшері Ғылым және жоғары білім министрлігі бекітетін бастапқы білім беру капиталын есептеу, пайдалану және қайтару қағидаларына сай есептеледі.

«Келешек» жүйесі жыл сайын 5% мемлекеттік сыйлықақы, ал халықтың әлеуметтік осал топтарының балалары үшін 7% мемлекеттік сыйлықақы көзделген қолданыстағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесімен бірге балаңыздың болашағы үшін қаражат жинауға мүмкіндік береді. Яғни қаржыны техникалық және кәсіптік білім алуға, орта мектеп бітіргеннен кейін жоғары білім алуға және жоғары оқу орнынан кейін білімін жетілдіруге, сондай-ақ тұрғын үй жағдайын жақсартуға жұмсауға болады», - делінген хабарламада.

Екінші топтағы өзгерістер креативті индустрияға қолдау көрсету шараларын қарастырады, оның ішінде әрбір облыс орталығында және ірі қалаларда креативті индустрия орталықтарын құру, өнімдерді коммерциализациялау мәселелері бойынша қатысушыларға көмек көрсету кіреді.

“Бұдан бөлек, креативті индустрияны дамытуға ықпал ететін арнайы заңды тұлға («Креативті индустрияларды қолдау қоры») қызмет көрсетеді. Қор таланттарды іздеп, оларды насихаттаумен, креативті жобалар мен қызметтерді коммерцияландыру ісіне көмектесумен, сондай-ақ оларды әлем нарықтарында ілгерілетумен айналысады.

Сонымен қатар Уәкілетті органға (Мәдениет және ақпарат министрлігі) креативті индустрияға мемлекеттік қолдау көрсету, ынталандыру қағидаларын әзірлеу және бекіту құзыреті беріледі. Ал облыстың, республикалық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдары креативті индустрия саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады” делінген хабармада.

Айта кетсек, экс-президент Назарбаевтың кланындағы реваншизм тақырыбы 13 желтоқсан күні Кремль Ресей президенті Владимир Путинмен Назарбаевтың кездесуі туралы хабарлағаннан кейін жаңа белеске шықты (кейінірек Путин Назарбаевты Жаңа жылмен құттықтады). Осы кездесуден кейін бірден Мәжіліс депутаты VIII шақырылым Самат Нұртаза бұл кездесу туралы алаңдаушылығын білдірген, ал журналист Асет Матаев кездесуді талқылай отырып, бұл маңызды хабарлама ма әлде саяси қателік пе деген сұрақ қойды. Бұл кездесу сұрақтар туғызумен қатар, кем дегенде, таңғалдырды. 21 желтоқсан күні КазТАГ агенттігі хабарлағандай, депутат Бапи Назарбаевтың Путинге баруын «сәтсіз әрекет» деп атап, оны АҚШ-та ашылуы мүмкін «Қазахгейт-2» ісімен байланыстырды.

Пікірлер