Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚазТАГ агенттігіне сілтеп.
ҚазТАГ редакциясы дереккөздің «Тоқаев Санкт-Петербургке ұшып кетті», – деп мәлімдегенін жазды.
25 желтоқсанда Санкт-Петербургте ТМД елдері көшбасшыларының Жаңа жыл алдындағы бейресми саммиті өтеді.
Қазақстан Президентін бұл шараға қараша айында елге жасаған сапары барысында Ресей президенті Владимир Путин шақырған болатын.