Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты

315
Adyrna.kz Telegram
Сурет: obvk.kz
Сурет: obvk.kz

Бүгін, 23 желтоқсанда Маңғыстау атом энергетикалық комбинатында жұмысшы қаза тапты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Aktau.kz порталының мәліметінше, жұмысшының үстіне құбыр құлап кеткен.

Облыстық полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты түсініктеме беріп, МАЭК-тегі төтенше жағдай бойынша тергеу басталғанын мәлімдеді.

«Еңбекті қорғау ережелерін бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сараптама тағайындалды. Тергеу жүргізіліп жатыр»,— деді полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Пікірлер