Трамп жыныс ауыстыруға заңмен тыйым салмақ

242
Adyrna.kz Telegram

Дональд Трамп TurningPoint’s AmericaFest 2024 шарасында АҚШ президенті қызметіне ресми кіріскен күннен бастап «трансгендерлік ессіздікті» тоқтататынын мәлімдеді. Айтуынша, АҚШ үкіметі тек екі жынысты – еркек пен әйелді ресми түрде таниды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Мен балалардың жынысын ауыстыруға тыйым салатын жарлыққа қол қоямын. Әскерден, бастауыш мектептен, орта және жоғары оқу орындарынан трансгендерлерді қуып шығамын»,—деді ол.

Сондай-ақ Трамп еркектерді әйелдер спортынан аулақ ұстауға уәде берді.

Еске салайық, бұған дейін ол АҚШ-та дүниеге келген шетелдік сәбиге азаматтық беруді тоқтатуға ниетті екенін жеткізген еді.

Пікірлер