Таразда балалар ауруханасында өрт шықты

284
Adyrna.kz Telegram

Тараз қаласында олыстық балалар ауруханасының жертөлесінде компьютерлік томография аппараты өртенді. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Оқыс оқиға 19 желтоқсан күні түнде болған.

«ТЖМ күштері түтінді аймақтан таза ауаға 42 адамды, оның ішінде 30 баланы эвакуациялады. Өрт толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ»,—делінген хабарламада.

Пікірлер