Марқұм Шерзат Полаттың әкесі қамаудан қашан шығады?

290
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Әкімшілік соттың шешімімен қамауға алынған Қаржаубай Нұрымовтың қашан шығатыны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Азаттық рухының мәліметінше, бұл сұраққа сенатта Санжар Әділов жауап берді.

Марқұм Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов желтоқсан айының соңында бостандыққа шығады.

Депутаттың сөзінше, алдымен тергеушілер Шерзат Полаттың өліміне қатысты 11 қылмыстық іс тергеп біткен соң, іс материалдары осы жылдың соңына дейін екі тарапқа танысуға беріледі. Баланың өліміне қатысты 11 адам қамалған.

«Ал, Шерзат Полаттың әкесі әкімшілік соттың шешімімен 15 тәулікке қамалған болатын. Сот шешімі бойынша осы айдың соңында, мерзімі өткен соң босайды», - деп мәлім етті депутат.

Пікірлер