Көшедегі намаз. ІІМ болған оқиғаға қатысты тергеудің басталғанын айтты

283
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Алматыда қалың топтың намаз оқу үшін жолды жапқаны туралы оқиғаға байланысты полиция тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі ҚазТАГ агенттігінің сауалына берген жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Министрліктің хабарлауынша, жолды жабу әрекеті жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылады және ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 614-бабына (Көлік құралдарының қозғалысына кедергі келтіру) сәйкес жауапкершілікке әкеледі.

«Аталған факті бойынша тергеу жүргізілуде, оның қорытындысы бойынша полиция қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық баға беріледі. Кез келген, соның ішінде діни себептермен жолды жабу жол қозғалысы ережелерін бұзу болып табылатынын және Әкімшілік кодекстің 614-бабының (Көлiк құралдарының қозғалысына кедергiлер жасау) талаптарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертiп өтейік», – деп хабарлады ІІМ.

Оқиға 7 желтоқсан күні орын алған. Бұл жағдай қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Пікірлер