Қазақстандық ауыр атлет әлем чемпионы атанды

229
Adyrna.kz Telegram
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бахрейн астанасы – Манама қаласында қазақстандық спортшы әлем чемпионы атанды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов қоссайыстың қорытындысымен 400 келі салмақты бағындырған.

1.Артем Антропов - 400 келі (170+230)

2.Фарес Эль-Бах- 399 келі (174+225)

3.Маркос Руиз Веласко - 395 келі (183+212)

Жаһандық додаға еліміздің атынан 15 қазақстандық зілтемірші қатысты.

Жарыста ерлер құрамасында Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түсті.

Қазірге дейін ел құрамасынан Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Алексей Чуркин күміс жүлдегер болды.

Ал әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салды.

Пікірлер