Бүгін, 10 желтоқсан күні Алматыда жан түршігерлік оқиға орын алды. 26 жастағы жігіт метроның астына түсіп, мерт болды. Бұл туралы видео әлеуметтік желіде таралды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Метрополитеннің баспасөз қызметі оқиға орнында дәрігерлер мен полицейлердің жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
«Метро қалыпты режимде жұмыс істейді, бірақ тергеу аяқталғанша Абай стансасына кіру уақытша жабық. Бұл бекетте пойыздар уақытша тоқтамайды», - деп ескертілді жолаушылар.
Полицейлер марқұмның көру қабілеті бұзылғанын хабарлаған.