7 желтоқсанда Алматы тауларында жол апаты тіркелді. Жүк тиелген "ГАЗель" көлігі жүргізушіні басып, адам өліміне себеп болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Қайғылы жағдай Мұстафа Шоқай көшесінің маңындағы тар жолдардың бірінде орын алды. Жүргізуші 5 жасар ұлымен бірге үйіне қайтып келе жатқан.
Жолдың тарлығынан қарсы көлікке жол беру үшін жүргізуші ГАЗельді тоқтатып, тежегіш ретінде астына тіреу қоймақ болған. Алайда көлікті жылдамдықпен қалдырғандықтан, "ГАЗель" қозғалып, оны басып кеткен.
Көлік аударылып кете жаздап, куәгерлер дереу дәрігерлерді шақырып, ұйықтап жатқан баланы көліктен алып шыққан. Бірақ 1988 жылы туған ер адамның жарақаты ауыр болып, жедел жәрдем жеткенше оқиға орнында көз жұмды.
Қазіргі уақытта оқиға орнында жол полициясы қызметкерлері тергеу жұмыстарын жүргізуде.