Алматыда тұрғындар жұма намазы кезінде жолды жауып тастаған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Осылайша қалада кептеліс болып, жеңіл көлік түгілі, жедел жәрдем көлігі өте алмай қалған.
Бейне әлеуметтік желіде тарап кеткен. Кадрлардан бірнеше ер адамның соңында көліктер сигнал беріп жатқанын көруге болады.
Алматы полиция департаменті бұл оқиғаның бір күн бұрын қаланың Медеу ауданында болғанын хабарлады.
"Жол қауіпсіздігін үйлестіру үшін азаматтардың дабылы бойынша оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ер адамдарды жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырды", – делінген хабарламада.