Шерзаттың өлімінен соң қызметінен кеткен ІІМ шенеунігі жаңа лауазымға ие болды

1296
Adyrna.kz Telegram
Фото: gov.kz
Фото: gov.kz

Талғардағы Шерзат Полаттың өлімінен кейін қызметінен босатылған вице-министр Айдос Рысбаев Ішкі істер министрінің бұйрығымен жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ішкі істер министірлігінің мәліметінше, Рысбаев президент әкімшілігінің келісімімен көлік полициясы департаментінің бастығы болып тағайындалған.  

«Айдос Рысбаевтың басшылық қызметте мол тәжірибесі бар, бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары қызметін атқарған және бөлімді тиімді басқаруға қажетті қасиеттерге ие», – деп хабарлады ІІМ.  

Айта кетсек, Айдос Рысбаев ішкі істер министрінің орынбасары қызметінен 2024 жылғы 18 қазанда кеткен болатын. Ол бұл қызметте небәрі 11 ай жұмыс істеді. Президент күштік құрылымдардағы ауқымды кадрлық ауыс-түйістер кезінде қызметтен босатқан шенеуніктердің бірі болды.  

Сонымен қатар, Рысбаевтың қызметтен кетуі Талғарда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне қатысты даумен тұспа-тұс келген болатын.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер