Алматыда соңғы үш жылда «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 938 жоба іске асырылды

764
Adyrna.kz Telegram

Алматыда қаланы абаттандыру және көгалдандыру шығындарын қаржыландыру ұлғаяды. Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті қаралған сессия барысында мегаполис әкімі Ерболат Досаев мәлімдеді.

"Мемлекет басшысының бастамасымен" Таза Қазақстан " бағдарламасы аясында әкімдік сүйікті қаламызды абаттандыру және көгалдандыру бойынша жүйелі шаралар қабылдауда. Бұл жайлы қалалық орта құру және алматылықтардың өмір сүру сапасын арттыру бойынша біздің негізгі басымдықтарымыз", - деді Ерболат Досаев.

Осылайша, қаланы абаттандыру мен көгалдандыруға арналған шығыстарды қаржыландыру 2024 жылғы 121,6 млрд теңгеден 2025 жылы 170,5 млрд теңгеге дейін 40% - ға ұлғаяды.

Сондай-ақ, Алматыда "Халық қатысатын бюджет"бағдарламасын табысты іске асыру жалғасуда. Соңғы үш жылда 39,1 млрд теңге сомасына 938 жоба іске асырылды, оның ішінде 2024 жылы – 18,8 млрд теңге. 2025 жылға бюджетте 17,1 млрд теңге қарастырылған.

Өз сөзінде Ерболат Досаев атап өткендей, "Халық қатысатын бюджет" бағдарламасы қала тұрғындарының идеялары мен тілектерін іске асырудың тиімді құралына айналды және Алматы әкімдігі оның дамуын қолдауға ниетті.

Айта кетейік, алматылықтардың ұсыныстары бойынша бағдарлама аясында аула аумақтары, балалар және спорт алаңдары абаттандырылды, жаңа қоғамдық кеңістіктер, жаяу жүргіншілер аймақтары құрылды, сыртқы жарықтандыру желілері жүргізілді.

Пікірлер