Қазақстанның 18 жасқа дейінгілер арасында бірінші ракеткасы Әмір Омарханов Мексикада өткен ITF J500 бірінші санатындағы жасөспірімдер турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
1 желтоқсан күні отандасымыз ресейлік Тимофей Дерипаскомен бірге жұптық сында топ жарды. Қос спортшы финалда жарыстың бірінші нөмірлі дуэті — чехиялық Петр Брунлик пен британдық Чарли Робертсонды 6:4, 6:1 есебімен сенімді жеңді.
Ал жекелей сын бойынша өткен жартылай финалда Әмір Омарханов француз Томас Фурелден жеңіліп қалды.