Астанада қала үстімен әскери ұшақтар ұшып өтті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
Бұған дейін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жаттығу ұшулары болатынын ескерткен еді.
Ал баспасөз қызметі 23 және 24 қараша күндері Астана үстімен арнайы түтін жолақтарын көрсететін әскери авиация ұшып өтетінін түсіндірді.
Министрлік ұшу қауіпсіз биіктікте жүргізілетінін және қаланың әдеттегі өмір ырғағына әсер етпейтінін атап өтті.