Бірыңғай уақыт белдеуі Қарағанды аграршыларына қалай әсер етті?

261
Adyrna.kz Telegram

Қарағанды облысында биыл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді мемлекеттік қолдауға 23,5 млрд теңге бөлінді. Бұл субсидиялау қажеттілігін толығымен жабады. Соңғы үш жылда фермерлер алдында қарыздар мен өтпелі өтінімдер жоқ.

Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау үшін жүргізіліп жатқан аграрлық саланы дамыту жөніндегі жұмыстың тиімділігін атап өтеді.

- Соңғы жылдары біздің аграрлық қауымдастық айтарлықтай өзгерістерге ұшырауда. Бұл ретте мемлекеттің рөлі зор. Қолдау шаралары бұрын-соңды болмаған. Тек жақсы жұмыс істеу керек! Биыл біз егін егу, өңдеу және жинау процестерін жеделдете алдық. Нәтиже көп күттірмеді: жиналған астық көлемін едәуір арттыра отырып, өнімділік бойынша рекордтық көрсеткіштерге қол жеткіздік, - дейді алдыңғы қатарлы шаруашылықтардың бірі "Шахтерское" ЖШС-нің директоры Георгий Прокоп. - Бірыңғай уақыт белдеуіне көшу де өз артықшылықтарын берді. Механизаторлар далаға ертерек шыға алады. Бұл бізге күндізгі уақытты тиімді пайдалануға және жақсы жағдайда жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Тиісінше, бұл еңбек өнімділігіне әсер етеді.

Айта кету керек, биыл қарағандылық аграршылар соңғы 13 жылда дәнді дақылдар мен картоптан рекордтық өнім алды. Ал жалпы ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша өңір елімізде жетінші орында тұр.

Мал шаруашылығында да оң динамика байқалады. Ет және сүт өнімдерін өндіру тұрақты өсуде.

- Енді біз таңғы 4-5-тен бастап жұмыс уақытын тиімдірек бөле аламыз. Бұл әсіресе малды тамақтандыруға, жануарларды күтуге және қатаң белгіленген уақытта жасалуы керек ветеринарлық процедураларға қатысты өте маңызды. Бұл өнімділікті арттыруға көмектеседі. Сонымен қатар, энергия мен күш жұмсау айтарлықтай төмендеді, өйткені таңертеңгі уақыт әлдеқайда салқын. Біз жануарлармен жұмыс жасай отырып, олар үшін әрқашан қолайлы жағдай құруға тырысамыз, - деп атап өтті "Шанс" шаруа қожалығының басшысы, Қазақстан фермерлер одағының Қарағанды филиалының төрағасы Игорь Жабяк.

АӨК-ке инвестициялар өсті. Биыл 13,5 млрд теңгеге 18 жоба іске асырылды, тағы 12 жоба желтоқсан айының соңына дейін іске қосылады деп жоспарлануда.

 

Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы басқармасы

Пікірлер