ҚМДБ қалыңмал мен мәһірді біріктірді

308
Adyrna.kz Telegram
Сурет: ummet.kz
Сурет: ummet.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы тұрмысқа шыққан қызға берілетін қалың мал мен мәһірді біріктірді. Бұл туралы мүфтияттың баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Қазақ дәстүрінде қалыңмал – қалыңдық үшін берілетін мал-дүние. Егер екі жас ажырасқан жағдайда қалыңдық малы қыздың иелігінде қалатын болған. Осы тұрғыдан қалыңмалды мәһір деп санауға болады», — деп жазды ол.

Ресми өкіл «әке еңбегі», «ана сүті» және тағы да басқа қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүліктің мәһрге саналмайтынын мәлімдеді.

ҚМДБ баспасөз қызметі осы мәселеге қатысты мүфтият шешімін жария етті.

«Шешім: Күйеуі тарапынан берілетін қалыңмалды қыздың разылығымен мәһірге жатқызуға және артынан алып баратын жасауына пайдалануға болады. «Әке еңбегі», «ана сүті» секілді қыздың әке-шешесіне, туыстарына берілетін мал-мүлік (кәдесый, т.б.) мәһірге жатпайды»,—делінген хабарламада. 

Пікірлер