Түркістан облыстық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-де «БАҚ пен қоғаммен байланыс» бөлімі жұмыс істейді. Бұл бөлімнің негізгі мақсаты: тікелей жастарға қатысты маңызды ақпараттарды, түрлі жобаларды, мемлекеттік бағдарламалар мен мәдени және спорттық бағытта өтетін түрлі іс шараларды алдын ала ақпараттандыру болып табылады. Бүгінгі таңға дейін ақпараттандыру жұмыстары жұйелі түрде жүргізілуде, оны арнайы жастар орталығының фейсбук және инстаграм әлеуметтік желілерінен қарап көрсеңіздер де болады. Одан бөлек, Түркістан облысына қарасты 17 аудан, қалалық жастар орталықтарының да әлеуметтік желілері бар, әрбір жастарға қажетті ақпараттардың барлығы да жаппай таралымға шығып отырады. Сонымен қаптар аталмыш бөлім, жергілікті «Turkistan», «Ontustik», «7/7» және республикалық «Qazaqstan», «Хабар», «24Kz» телеарналары арқылы да ақпараттардың кеңінен таралуына мол мүмкіндіктер қарастырылған. Бұл бағыттағы ақпараттандыру жұмыстары жоспарлы түрде жол,а қойылған, телеарналармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасаймыз.
Қазіргі таңда жастар үшін мол мүмкіндіктер алаңына айналған “BASTAU Talks” қоғамдық лекциясы – жастар үшін ерекше мүмкіндік. Бұл жоба көптеген жетістікке жеткен білікті тұлғалардың өмірлік тәжірибесі мен жетістікке жету жолын жастарға үлгі ете отырып, мотивация беріп, дамыту, тың ақпарат алуға бағытталған. Бұл жобаның мақсаты: жастарға тәлім-тәрбие, рухани бағыт-бағдар беру, көшбасшылық қабілеттерін дамыту, өскелең ұрпақты белсенді және жауапты азамат етіп қалыптастыру. Сонымен қатар, дүниетанымы, өзіндік көзқарасы қалыптасқан саналы азамат етіп тәрбиелеу, өз елінің дамуына үлес қосу арқылы отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру болып табылады. Осы жоба аясында облысымызға түрлі сала өкілдерімен кездесулер өтуде. Атап айтар болсақ, Астана қаласы, ҚМДБ-ның “Ырыскелді қажы” мешітінің Бас имамы, теолог, дінтанушы Нұрлан Байжігітұлы және “Дін мәселелерін зерттеу орталығы” КММ-нің директоры Медет Мұзапбарұлы, “Dauletten” қорының басшысы Жасұлан Бостандықұлы, талантты ақын, филолог Айдар Сейдәзім мен V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары волонтерларының жетекшісі, “Қазақстан жастары конгресінің” атқарушы директоры Бақдәулет Жанділдаев, айтыскер ақын Қажымұхан Абзалов, Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Ұйымдастыру-бақылау басқармасының бас маманы Ермахан Мырзабай Болатұлы және “Азартник” телехикаясының актерлері, жайдарманшы Нұрсұлтан Мейірбеков пен Ғани Беркінбай, “Миллион” жайдарман командасының мүшелері Ерболат Заркумов, Мансар Орынхан және ақын, ҚР Жазушылар Одағының мүшесі Дәурен Тілеухан, Қазақстан футзал қауымдастығының вице-президенті, журналист, тележүргізуші және спорт менеджері Құрман Нұрсұлтан Амангелдіұлы және “Turkistan.tv” телеарнасының тележүргізушісі Нәрзілда Нұрсұлтан Нұрланұлы, 2021 жылы Мәскеуде бокстан әскерилер арасында өткен Әлем чемпионатында алтын медаль иегері. 2023 жылы халықаралық «Elorda Cup» турнирінің чемпионы Абзал Құттыбеков, айтыскер ақын, Мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері Бекарыс Шойбеков пен Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, айтыскер ақын Тұрар Тілеулиев, актриса, жүргізуші, блогер Жазира Еркін мен актёр, жүргізуші, блогер Исраил Даулет, сонымен қатар ақын, журналист, Республикалық, аймақтық жыр мүшайраларының жүлдегері, «Дүниеге келер әлі талай Қасым» мүшайрасының жеңімпазы Бауыржан Ерман секілді елімізге, өңірімізге белгілі өз саласының үздігі атанған тұлғалармен түрлі тақырыптада келелі кездесулер өтуде.
Биылғы жылы жастар арасында үлкен сұранысқа ие болған, қолдау тапқан облыстық «Tur Workout» жобасы, жастардың бос уақытты тиімді пайдалану және спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру, жастар арасында аула спортын дамыту, сондай-ақ қңіріміздегі талантты жастарды тауып, олардың Республикалық, әлемдік деңгейге шыға алуына мүмкіндік беру мақсатында, Түркістан облысының 17 аудан, қаласын аралау арқылы үздік жастарды анықтап, финалдық кезеңінде жеңімпаздарды өз орталығымызда анықтаған болатынбыз.
Сонымен қатар, биыл екінші жыл республикалық «JAIDARMAN» көңілді тапқырлардың облыс әкімінің кубогы өткізілді. 2023 жылы «Жуалы» командасы бас жүлдені еншілесе, 2024 жылы «Талант Орал» командасы Түркістан облысының әкімі Сатыбалды Дархан Амангелдіұлының кубогін еншіледі. Елімізге танымал жайдарман ойыншыларының қатысуымен өткен іс-шара облыс жастарының көңілінен шықты. Алдағы жылдардада тұрақты түрде өткізу жоспарлануда.
Жастар арасында үлкен қолдауға ие болған жобалардың бірі – жастардың ораторлық қабілетін арттыу, шешендік өнер мен сқйлеу мәдениетін қалыптастырк мақсатында екі жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан «Пікірсайыс – көшбасшылар алаңы» атты республикалық пікірсайыс турнирі.
Түркістан облысында жастарды қоғамдық жұмысқа тарту, қоғамдық жауапкершілігін арттыру және азаматтық борышын өтеу мақсатында 17 қала, аудандарда 127 волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтар бар. 2023 жылы Түркия мемлекетінде орын алған табиғат апатынан зардап шеккен бауырларымызға көмек көрсету мақсатында штабқа 29 волонтерлық ұйым және еңбек қызметіне 970-ден астам волонтер жастар жұмылдырылды. 4 күннің ішінде 35 тоннадан астам гуманитарлық көмек «Turkistan» халықаралық әуежайының қоймасында жинақталды. 2024 жылы еліміздің солтүстігі және батысында су тасқыны бойынша орын алған төтенше жағдай кезінде, Түркістан облысынан 1000-ға жуық тонна гуманитарлық көмек жөнелтіліп, ерікті жастарымыз су тасқыны орын алған өңірлерге барып алдын-алу жұмыстарын атқарды.
Кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар қарастырылған. Мемлекеттік бағдарлама экономиканы тікелей реттеу құралы ретінде мемлекетті дамытудың басым міндеттерін шешуге бағытталады.
Мемлекеттік бағдарламалар саны 12 атап айтар болсақ :
1) Болашақ бағдарламасы;
2) Жастар практикасы;
3) Алғашқы жұмыс орны;
4) Ұлттық жоба бағдарламасы;
5) Қоғамдық жұмыстар;
6) Бастау Бизнес жобасы;
7) Жастарға 2,5 пайызбен 5 000 000 теңгеге дейінгі несие;
8) Дипломмен ауылға бағдарламасы;
9) Жасыл ел жастар еңбек жасағы;
10) Серпін бағдарламасы;
11) Бизнестің жол картасы – 2025 бағдарламасы;
12) Студенттер құрылыс жасағы;
2023 жылдан бастап кәсібі бар немесе кәсіп бастағысы келіп жүрген жастарға жылдық 2,5 пайызбен микронесие беріле бастайды. Бастама 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енген 2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі Ұлттық жоба шеңберінде қолға алынып отыр. Онда кәсіпкерлік қызметті бастағысы келетін немесе кәсіпкерлікпен айналысатын 21 жастан 35 жасқа дейінгі жастарға конкурс негізінде микрокредит беру көзделген. Микрокредитті кез келген мақсат үшін 5 жылға дейін, ал мал шаруашылығына 7 жылға дейінгі мерзімге алуға болады. Сондай-ақ негізгі берешек пен сыйақыны өтеу бойынша жеңілдік кезеңі көзделген, ол микрокредит мерзімінің үштен бірінен аспайды. Жастар кәсіпкерлігі дегеніміз – бұл қаржылық сауаттылық, ұйымдасу және креатив ойлау көрінісі. Адам өз шаруасына өзі қожалық ете жүріп дамиды және бұл еліміздің адами капиталын дамытуға үлкен үлес қосады. Жастарға жылдық 2,5 пайызбен несие беру – кәсіпкерлікке құлшынып жүрген жастар үшін тамаша қолдау. Бұл ретте мен механизмнің тиімді жүзеге асуы үшін «Жас Кәсіпкер» жобасы сияқты кәсіпкерлік негіздеріне міндетті оқытуды енгізу қажет деп ойлаймын. Бұл бағытта мыңдаған балаларды оқытқан, олардың алғашқы стартапын жүзеге асыруға көмектескен бизнес-тренерлер пулын құрған «Атамекен» Кәсіпкерлер палатасының тәжірибесі мол. «Жас Кәсіпкер» жобасы 2019 жылы пилоттық режимде іске қосылған еді. Жобаның мақсаты – халықтың экономикалық белсенділігін көтеру және 18-29 жас аралығындағы жастарды кәсіпкерлік салаға тарту.
Түркістан облысы жастар ресурстық орталығының жанынан құрылған жалпы саны 8 үйірме бар.14-35 жасқа дейінгі
300 ге жуық жастар қатысады.
Атап айтар болсақ:
- «ALIMZHAN» ағылшын тілі курсы
- «Golden Glow_Art» көркем сурет үйірмесі
- «Jas Qadam» еріктілер мектебі
- «Жас көшбасшылар» мектебі – дебат үйірмесі
- «Актерлік шеберлік» сахна тілі және сахна қозғалысы
- «Altyn MODELS» моделдік сән үйі
- Қол өнер үйірмесі – ерекшелігі киізбен текемет басу
- «Жас Сарбаз» әскери патриоттық клубтары жұмыс атқарады.
2025 жылы Облыстық жастар орталығы бойынша 30-ға жуық жоба бар. Одан бөлек, күнтізбеде белгіленген атаулы күндерге арнайы қаржы қарастырылған іс-шаралар атап өтіледі.
- «БОЛАШАҚҚА КӘСІППЕН» облыс жастарына насихаттау жобасы
- «Сен талантсың» облыстық талантты жастар жобасы
- «Біз жауынгер» жас сарбаз әскери-патриоттық жоба
- Облыстық «ZHAS CAMP» лагері (3күн)
- «ҚР Мемлекеттік мерекелері мен атаулы күндер» жобасы (23 іс-шара)
- «AL-FARABI» интеллектуалдық шоуы (4 күн)
- «TURKISTAN CUP» киберспорттық турнирі
- Облыстық жастар арасында «TUR workout» турникке тартылу сайысы жобасы
- «Asyl MURA» волонтерлік әлеуметтік жобалар байқауы (2 күн)
- Республикалық «JAIDARMAN» көңілді тапқырлардың облыс әкімінің кубогы
- «Туған өлке тарихы» облыстық интеллектуалдық байқауы
- Облыстық «Жас еңбек адамы-2025» байқауын ұйымдастыру
- «Тұлғалар тағлымы» қоғамдық лекциясы (12 рет)
- Мүмкіндігі шексіз жастар арасында қылқалам және қолөнер шеберлерінің көрмесін ұйымдастыру
- Облыстық орта арнаулы оқу орындарының студенттері арасында «Студенттік спорттық лига» сайысын (2 спорт түрі: кіші футбол, волейбол) ұйымдастыру
- Жастардың психологиялық денсаулығы бойынша «Ұрпақ тәрбиесі – ұлт құндылығы» семинар-тренингтері
- Жастар арасында психо-профилактикалық семинар-тренингтерін ұйымдастыру (4 бағыт лудомания, нашақорлық, құқықбұзушылық, суицидтың алдын аулу бойынша аудан, қалаларда семинар-тренингтер өткізу)
- Облыстық «Отбасы Life» жас отбасылар байқауы (2 күн)
- Облыстық «JAIDARMAN» көңілді тапқырлардың облыс әкімінің кубогы
- Облыстық «IT Jas IQ» атты робототехника
- және авциялық техникадан байқауы
- Облыстық «Пікірсайыс-көшбасшылар алаңы» сайысы (2күн)
- «Түрленген Түркістан» жас ақындар арасындағы мүшайрасын ұйымдастыру
- Облыс әкімінің «Жыл көшбасшылары» жастар премиясын салтанатты марапаттау кешін ұйымдастыру
- «Jas Saq» этно-реалити шоуын ұйымдастыру
- «Яссауи әлемі» облыстық квест сайысын ұйымдастыру
- Облыстық «Evening sport» NEET жастарды қолдау спорттық (5 спорт түрі: үстел теннисі, шахмат, қол күрес, ләңгі тебу, гир тасын көтеру) жобасы (2күн)
- Облыстық «Білімді жастар-ел ертеңі» атты көшбасшылар жобасы (2күн)
- Облыстық «АУЫЛ ФЕСТ» волонтер жастар арасында салт-дәстүрді кеңінен насихаттау бағытындағы сайысын ұйымдастыру (2күн)
- «Жасыл ел» жастар еңбек жасағы
"Адырна" ұлттық порталы