"Отставкаға кетесіз бе?" - ІІМ орынбасары пікір білдірді

865
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ашық дереккөзден
Фото: Ашық дереккөзден

Ішкі істер министрінің орынбасары Бауыржан Әленов Талғардағы қайғылы оқиғаға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ұлысмедиаға сілтеп.

Ұлысмедиа тілшісі алаяқтыққа қарсы күрес форумында вице-министр Әленовтен қоғамның назарын аудартқан Талғар оқиғасы туралы бірнеше сауал жолдаған.

Тілші Талғардағы қанды оқиға болып жатқанға облыстың қауіпсіздігіне жауапты тұлғаның қызметте өсуі қаншалықты этикаға сай екенін білмек болып, пікірін сұраған.

Алайда Әленов пресс-релиздегі ақпаратты айтқанын мәлімдеген.

Ақырында Талғардағы қанды оқиғаға “жауапкершілік сезінесіз бе, қанша дегенмен сіз басқардыңыз ғой облысты” деп тағы сөзге тартуға тырысты.

Артынша сұраққа мардымды жауап бермеген вице-министрге “сіздің жауапкершіліңіз анықталса, отставкаға кетуге дайынсыз ба” деп сұрап үлгергені айтылды.

“Мен бұған коммент бермеймін, біз басқа мәселе бойынша жиналдық”, - деп жауап берген Әленов.

Вице-министрден жауап алуға тырысқан журналист “сіз Алматы облысында ҰҚТ жоқ” деп едіңіз ғой, “Ол қалай” деп тағы сұрағына жауап алуға тырысты.

"Бұл “қызметтік мақсаттағы ақпарат”. Ал “жоқ” деп мен “Хуторға” қатысты айттым", – деді вице-министр.

Пікірлер