Түркияда 5 баллдық жер сілкінісі болды

870
Adyrna.kz Telegram

Түркияның солтүстік-шығысында жер сілкінді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Дүмпу жергілікті уақыт бойынша сағат 12.02-де Ризе провинциясында болған.

Эпицентрі – Хемшин ауданы. Жер сілкінісінің ошағы 12,85 шақырым тереңдікте, ал магнитудасы 4,9 баллдық болды.

Сонымен қатар, Түркияның Элязыг қаласында 5 баллдық жер сілкінісі болды.

Апаттар мен төтенше жағдайларды басқару (AFAD) веб-сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес жер сілкінісі 17.04 шамасында тіркелген.

Жер сілкінісі 16,22 шақырым тереңдікте болды және Диярбакырда да сезілді.

Пікірлер