Қостанай облысындағы полиция қызметкерін өлтірген күдіктіге жаңа айыптар тағылды

311
Adyrna.kz Telegram
фото: Оркен-Media
фото: Оркен-Media

Қостанай облысының прокурорлары полиция қызметкерін өлтіріп, үйінің ауласына тастап кеткен қылмыскерге қатысты жаңа мәліметтерді жария етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Прокуратура Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында өлтірілген поляцияның ісіне қатысты заттай дәлелдерді ұсынды. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралуда. Сотталушылар қатарында бұрын ұрлық жасағаны үшін жазасын өтеген, шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 35 жастағы облыс тұрғыны бар.

«Сотта заттай дәлелдерді зерттеу барысында мемлекеттік айыптаушы алдын ала жоспарланған, қатыгездікпен жасалған, құрбанның кәсіби қызметінен кек алу мақсатында жасалған қатыгез қылмыс туралы терең дәлелдер табылғанын анықтады. Мемлекеттік айыптаушының өтініші бойынша сотта бұрын тергелген қылмыстық іс материалдарының көшірмелері зерттелді. Бұл іс бойынша сотталушы 2021 жылы ұрлық және полицейдің өміріне қол сұғу үшін бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл материалдарды сотталушы сотталғаннан кейін өзінде сақтаған», – деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Әр құжаттағы лауазымды тұлғалардың фамилияларының жанына сотталушы ескертулер жазған. Сонымен қаатр, тергеуші мен сарапшының аты-жөнінің қасынан «сойып тастаймын» деген жазба табылған.

«Құрбанның фамилиясы дөңгелекпен қоршалып, «сойып тастаймын» деген жазбамен белгіленген. Сотта сотталушы бұл жазбаларды колонияда отырған кезде, полиция қызметкерлеріне ашуланғандықтан жазғанын түсіндірді. Бұл жағдайлар полиция қызметкерін оның кәсіби қызметін орындауына байланысты қатыгездікпен өлтіру айыбының тағылуына себеп болды. Жаңа айып өмір бойы немесе 20 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді», - деп хабарлады Қостанай облысының прокуратурасы.

Мемлекеттік айыптау сотқа белгілі болған жағдайларға байланысты сотталушыға өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды ұсынды.

Еске сала кеетйік, биылғы жылдың 10 мамырында Қостанай облысының Ұзынкөл ауылында үйінің ауласында аудандық полиция бөлімі қызметкерінің зорлықпен өлтірілген денесі табылған еді. Облыстық полиция департаменті қайтыс болған адам криминалист болып жұмыс істегенін және сол кезде еңбек демалысында екенін айтқан болатын.

Пікірлер