Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге барды

1068
Adyrna.kz Telegram

Бүгін, 11 қарашада президент Қасым-Жомарт Тоқаев Климаттың өзгеруі жөніндегі БҰҰ конференциясы аясында өтетін Дүниежүзілік климат саммитіне қатыcу үшін Бакуге жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Мемлекет басшысы сапар барысында президенттермен, халықаралық ұйымдардың жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді.

Айта кетейік, БҰҰ-ның Климаттық саммитінде климаттың өзгеруімен күрес шараларын қаржыландыру мәселесі талқыланбақ. Кейбір мәліметтерге қарағанда, бұл мақсатқа шамамен 2,2 триллион еуро қажет.

Пікірлер