Ақмолада пойыз ер адамды қағып кетті

2461
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2024/01/03a04b23-1b13-42aa-ae2f-014c791a4145-960x500.jpeg?token=c7c67380d67bc84a55cd45e50b6d1007
Ақмола облысының Макинка станциясында пойыз ер адамды қағып кетті, деп хаюарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы ҚТЖ баспасөз қызметі хабарлайды. Оқиға 8 қараша күні болған.
«8 қараша күні таңертеңгі 8:45-те Макинка станциясында пойыз темір жол үстінде адам болуына байланысты шұғыл түрде тоқтауға (тежегішті басуға) мәжбүр болды. Машинист дабылды басса да, құлаққап таққан әрі күләпара бүркенген ер адам оны естімеген. Ара қашықтықтың қысқа болуына байланысты соққының алдын алу мүмкін болмады», — делінген хабарламада.
Қазіргі кезде аталған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. ҚТЖ зардап шеккен ер адамның жағдайына қатысты мәлімдеме жасамады.
Пікірлер