Бір адам көз жұмған тікұшақ апатының болжамды себебі айтылды

805
Adyrna.kz Telegram
Фото: tengrinews.kz
Фото: tengrinews.kz

Қорғаныс министрлігі Ақтөбе облысында тікұшақ апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

9 қарашада Ақтөбе облысы Сарыжар ауылының маңында Әуе қорғанысы күштері әскери институтының Ми-8 тікұшағы оқу-жаттығу ұшуларын орындау кезінде апатты жағдайда қонды.

Бортта болған 3 экипаж мүшесінің 2-еуі ауруханаға жеткізілді. Оларға қажетті медициналық көмек көрсетілді. Апатқа қатысты министрлік мәлімдеме жасады.

"Экипаж мүшелерінің бірі қаза тапты. Авиациялық оқиғаның алдын ала себебі — техникалық ақаулық. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Жергілікті жерде ведомствоаралық жедел топ жұмыс істеуде. Қарулы күштердің басшылығы мен Әуе қорғанысы күштерінің қолбасшылығы қаза тапқан әскери қызметшінің туыстары мен жақындарына көңіл айтады", — делінген министрлік хабарламасында.

Ведомство атап өткендей, оның туыстарына, сондай-ақ зардап шеккендерге барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Пікірлер